Қоғам

Он екі өңірде сегіз мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды – ОСК

© Sputnik / Абзал КалиевУрна. Выборы 2019
Урна. Выборы 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау учаскесі 53 елде Қазақстанның өкілдіктері жанынан ашылған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сайлау учаскелерінің ашылуына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ, Қазақстанның 12 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанындағы 12 сайлау учаскесі ашылды", - деді ОСК өкілі Асылбек Смағұлов.

Айтуынша, Қазақстанда барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау учаскесі 53 елде Қазақстанның өкілдіктері жанынан ашылған.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заң аясында аумақтық сайлау комиссиялары қабылдаған шешімге сәйкес, 47 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның мәжіліс сайлауында кім бірінші болып дауыс берді

Уақыт белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш, яғни, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат сегізде басталады.

Жаңалықтар
0