Қоғам

Бас прокуратура сайлаудағы сыйлықтар жайлы: бұл адамдарды "сатып алу" емес

© Sputnik / Абзал КалиевКнига Абая в подарок тем, кто проголосовал впервые
Книга Абая в подарок тем, кто проголосовал впервые - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокурордың аға көмекшісі сайлаушыларға естелік сыйлықтар берудің заңдылығына тоқталды. Бұл ешқандай заңға қайшы келмейді, деді ол

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Сайлау кезінде алғаш дауыс бергендерге сыйлық беру – сайлаушыларды "сатып алу" емес. Бұл туралы бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бас прокуратура сайлаушыларға естелік сыйлықтар берудің заңдылығына тоқталды. 

Сарғазиннің айтуынша, бұл ешқандай заңға қайшы келмейді, заңмен реттелмеген. 

"Мұндай әрекеттер электоратты азаматтық ұстанымын білдіруге ынталандыруға бағытталған және дауыс беру кезінде сайлаушылардың ерік білдіруіне әсер етпейді. Сонымен қатар бұл сайлаушыны – "сатып алу" емес. Өйткені тарту дауыс бергеннен кейін жасалады және қандай да бір партияның атынан емес", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін бас прокуратура Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы тыныш өткенін хабарлаған еді.
Жексенбі, 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтті. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20.00-ге дейін жалғасты. 

53 мемлекетте Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктері жанынан 66 сайлау учаскесі ашылды. АҚШ пен Канададағы қазақстандық сайлаушылар дауыс беруді 11 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен 07.00-де аяқтайды. 

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін жариялайды.

Жаңалықтар
0