НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 780 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Айта кетейік, бір күн бұрын 843 қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылғанын хабарлаған едік.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Алматы қаласында – 19517 (+116),
- Шығыс Қазақстан облысында – 19256 (+37),
- Нұр-Сұлтан қаласында – 19213 (+54),
- Атырау облысында – 14319 (+54),
- Қарағанды облысында – 12411 (+40),
- Павлодар облысында – 9892 (+113),
- Батыс Қазақстан облысында – 9576 (+45),
- Солтүстік Қазақстан облысында – 9133 (+54),
- Қостанай облысында – 8105 (+64),
- Ақмола облысында – 7776 (+60),
- Алматы облысында – 7593 (+62),
- Шымкент қаласында – 5599 (+29),
- Жамбыл облысында – 5131 (+19),
- Маңғыстау облысында – 3800 (+10),
- Ақтөбе облысында – 3753 (+9),
- Түркістан облысында – 3764 (+14),
- Қызылорда облысында – 3435 (+0).
Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 162 273 жетті.