Өңірлер

Қазгидромет дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСнегопад, метель
Снегопад, метель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елде бірнеше күн қатарынан болған аяздың беті қайтқаны байқалады. Алайда бірқатар өңірде жел күшейіп, қар жауады

АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" мамандарының хабарлауынша, 11 қаңтарда республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болады, оңтүстік өңірлерде күн ашық, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ірі қалалардағы ауа райы 

Нұр-Сұлтан қаласында күн бұлтты, қар жауады, күндіз -5...-7 градус болады, түнде -10...-12 градусқа жетеді. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында.

Ал Алматыда күндіз +2...+4 градус болса, түнде -9...-11 градус суық.

Шымкентте 11 қаңтарда күндіз ауа температурасы +8...+10 градус, түнде -4...-6°C болады, желдің жылдамдығы – 8-13 м/с.

Өңірлерге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, 11 қаңтарда Ақмола облысында қалың қар жауады, күндіз -8...-10 градус суық болады, түнде ауа температурасы -10...-12 градусқа жетеді. Желдің екпіні - 23-28 м/с.

Ақтөбе облысында күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың шығысында күндіз ауа температурасы 0...-5 градусты көрсетсе, түнде -3...-8 градус болады, кей жерлерде -12 градусқа жетеді.

Алматы облысында күндіз 0...+5 градус, кей жерлерде 0...-5 градус болады. Облыстың шығысында -10 градусқа дейін жетеді.

Атырау облысында күн бұлтты болады, қар мен жаңбыр жауады. Күндіз -2...3 градус болады, солтүстігінде -5 градусқа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0...-5 градусты көрсетсе, солтүстігінде -8 градус болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с көрсетіп тұр. Атырауда күндіз күн ашық болады, ауа температурасы +2 градус, түнде жел болуы мүмкін. 

Шығыс Қазақстан облысында күн бұлтты болады, түнде қар жауады. Күндіз -7...-12 градус болады, кей жерлерде -17 градус аяз түседі. Түнде сынап бағанасы -15...-20 градусқа жетеді, кей жерде -25...-30 градус суық болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді, желдің екпіні - 25 м/с.

Қарағанды облысында күндіз қар жауады, ауа температурасы -2...-7 градусты көрсетіп тұр, облыстың кей жерінде -10 градусқа дейін суық болады. Ал түнде -8...-13 градус, облыстың оңтүстік-шығысында -20°C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында 11 қаңтарда қар жауады, күндіз -5...-10°C, түнде -8...-13 градусты көрсетіп тұр, облыстың солтүстігінде -16...-21 градус болады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында күн жылы болады, күндіз ауа температурасы -1...+4°C, облыстың солтүстігінде -4 °C болады. Түнде -8...-13°C-қа жетеді. 

Павлодар облысында қалың қар жауады, күндіз -2...-7 градус, кей жерлерде -10 градус болады. Ал түнде -8...-13 градус болады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, күндіз -14...-19 градус суық болса, облыстың оңтүстігінде -10 аяз болады. Түнде сынап бағанасы -14...-19 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы күндіз кей жерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысында күн ашық болады, күндіз +5...+10 градус жылы болса, кей жерде 0...+5 градус болады. Түнде ауа температурасы -2...-7 градусқа төмендейді, кей жерде -12...-17 градус суық. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с.

Батыс Қазақстан облысында күн бұлтты болады, қар жауады, ауа температурасы – -3...-8°C, облыстың оңтүстігінде 0°C.  Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысында күн бұлтты болады, жауын-шашын, қар жаумайды. Ауа температурасы +3...-8 градусты көрсетіп тұр, кей жерде -2...-7°C болады. Облыс орталығында күндіз +6...+8°C жылы, түнде -7...-9°C болады. Желдің жылдамдығы – 5-10 м/с.

Маңғыстау облысында күн бұлтты болып, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы – 0...-5°C, облыстың солтүстігінде -3°C болады. Түнде қар жауып, -4...+1°C, облыстың солтүстігінде -7...-12°C болады.

Жаңалықтар
0