Қоғам

Түркиядан келген Қазақстан азаматынан коронавирус инфекциясы анықталды

© AFP 2024 / PEDRO PARDOЗертханалық тест үлгісі
Зертханалық тест үлгісі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әуежайына 205 жолаушы, Нұр-Сұлтан әуежайына 28 және Қостанай қаласына 14 адам анықтамасыз келген

АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Түркиядан келген бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

8 қаңтада Қазақстанға Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келген. Оның ішінде 1 769 жолаушы болған. 1 522 адамда коронавирустың бар-жоғын анықтауға тапсырған тест нәтижесі болған. Ал қалған 247 қазақстандық анықтамасыз келген.

Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына 205 жолаушы анықтамасыз келсе, Нұр-Сұлтан әуежайына анықтамасыз 28 адам, Қостанай қаласына 14 адам келген.

Бұл азаматтардан ПТР-тест алынды, олар нәтижесін карантиндік стационарда күтті. Комитеттің хабарлауынша, Стамбұл–Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны біршама төмендеді

Сонымен қатар БАӘ-ден ұшып келген Түркия азаматының мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Жаңалықтар
0