Қоғам

Мемлекет басшысы митинг жайлы: ешкім қудаланбайды

© Sputnik / Абзал КалиевМитинг 16 декабря в столице
Митинг 16 декабря в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы халық митингіге шыққан жағдайда полиция қызметкерлері заңға сәйкес әрекет ететінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сайлауына байланысты елде өтуі мүмкін митингілер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Наразылық көңіл-күй әлемнің бүкіл елінде бар. Полиция заңға сәйкес әрекет етеді. Ешқандай қудалау шаралары қолданылмайды", - деді Тоқаев журналистерге мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін.

Оқи отырыңыз: Назарбаев дауыс бергеннен кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады 

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Мәжіліс сайлауы

Жексенбі, 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламент сайлауында 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады.

Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 11,6 проценті өз таңдауын жасады.

Мәжілістегі орындарға бес партия таласып жатыр:

  • Қазақстан халық партиясы;
  • Nur Otan партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • "Адал" саяси партиясы.

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының соңғы қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін жариялайды.

Жаңалықтар
0