Қоғам

Сайлау учаскелері орналасқан мектептер дезинфекцияланады

© Sputnik / Sergei Pyatakov / Медиабанкке өтуДезинфекция
Дезинфекция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі аптада Қазақстанда үшінші оқу тоқсаны басталады да, бірқатар мектеп оқушылары дәстүрлі оқу үлгісіне көшеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Дауыс беру учаскелері орналастырылған мектептердегі сабақтар тек ғимаратты дезинфекциялағаннан кейін басталады. Бұл жөнінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.

"Сайлау аяқталғаннан кейін дауыс беру учаскесі ретінде жұмыс істеген білім беру нысандарында 2021 жылғы 10-11 қаңтарда дезинфекциялау жүргізіледі", – деді Байтанаев бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №69 қаулысына сілтеме жасап.

11 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облысы мен Шымкентте белгіленген тәртіпте дәстүрлі білім беру басталады.

Ал 12 қаңтарда Түркістан, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан және Алматы қаласындағы мектептер ішінара тәртіппен қалыпты жағдайда оқытуға кіріседі.

Сайлау кезінде дауыс беру учаскелері мына нысандарда:

  • 7 090 мектептің 5 222-сінде;
  • 6 651 мектепке дейінгі білім беру ұйымының 143-інде;
  • 644 орташа оқу мекемесінің 215-інде;
  • 114 мектеп-интернат, спорт мектебі, ЖОО жатақханасының 22 базасында орналастырылды.

Сондай-ақ, басқа да білім беру нысандарының 12 учаскесінде (оқушылар сарайы мен шығармашылық үйлер және музыкалық мектептерде) болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті таныды - видео

Белгілі болғандай, бас санитарлық дәрігер әр сыныпты 15 баладан бөлу арқылы ата-аналардың өтініші бойынша мектептердегі 1-5 кезекші сыныптарда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін дәстүрлі оқуды қалпына келтіруге рұқсат етті.

Бітіруші (9, 11 (12) сыныптар үшін аптасына алты күн аралас оқу режимі қарастырылды.

Жаңалықтар
0