НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин парламенттік сайлауда дауыс берді.
Дауыс беру Нұр-Сұлтанда "Астана" концерт залының ғимаратында орналасқан №138 сайлау учаскесінде өтті.
"Премьер-министр сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып азаматтық борышын өтеуге келді", - деді үкіметтің баспасөз қызметінен.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра РКПремьер-министр Асқар Мамин
Премьер-министр Асқар Мамин
© Photo : Пресс-служба премьер-министра РК
Сайлау учаскелері таңғы сағат жетіден кешкі сегізге дейін ашық болады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елорда уақытымен сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ, Қазақстанның 12 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанындағы 12 сайлау учаскесі ашылды.