Өңірлер

"Қала мұз айдынына айналды": Оралда қатты көктайғақ болды

© Sputnik / Владислав ВодневГололед, прохожий, пешеход
Гололед, прохожий, пешеход - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таңертеңнен бері облыстық көпбейінді ауруханаға тоғыз адам түсті, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. Жексенбі, 10 қаңтар күні Орал қаласында қатты көктайғақ болды. Тоғыз тұрғын дәрігер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" басылымы.

"Қала мұз айдынына айналды. Жүру мүмкін емес, аялдамаға жеткенше құладым. Коммуналдық қызмет тағы да мұндай жағдайға дайын емес көрінеді. Өте қауіпті", - деді қала тұрғыны Гүлсезім.

Жүргізуші Вячеслав қалада көлікпен жүру де аса қауіпті екенін айтып отыр.

"Таңертең әрең дегенде шықтым. Мұндай жағдайда көлікпен де, жаяу да жүре алмайсың", - деді ол.

10 қаңтар күні таңертеңнен бері облыстық көпбейінді аурухананың травмотология бөліміне тоғыз адам түсті, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы.

Қала көшелерінде 135 техника мен 320 қызметкер қар тазалады. Арнайы полигонға 186 мың текше метр қар жеткізілді, деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олар жаяу жүргінші жолы арнайы құралмен өңделеді деп сендірді.

Жаңалықтар
0