Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

© Sputnik / Абзал КалиевЕлбасы Нурсултан Назарбаев на избирательном участке
Елбасы Нурсултан Назарбаев на избирательном участке  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс бергеннен кейін сайлаушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құрметті отандастар, қазақстандықтар! Бүгін елімізде үлкен саяси әрі ауқымды шара өтіп жатыр. Ол - жергілікті мәслихаттардың депутаттарын және мәжіліс депутаттарын сайлау. Бұл тек сайлау учаскесіне келіп, бюллетеньді түсіру мәселесі ғана емес, еліміздің әрбір азаматы бірлігін көрсетеді, парасаттылығын көрсетеді, болашаққа деген үмітін көрсетеді" , - деді Назарбаев.
© Sputnik / Абзал КалиевНұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театрында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театрында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді

Өз сөзінде Назарбаев сайлауға дейін біраз жұмыстың атқарылғанын да ерекше атап өтті. Соның ішінде әйелдер мен жастардың 30 проценттік квотасы да бар.

"Қазақ елінің, Отанымыздың болашағы бір, үміті бір, мүддесі бір. Біздің қанымыз да, жанымыз да, жеріміз де бір. Сондықтан бүкіл дүниенің алдында тағы да бірлігімізді көрсетуіміз керек. Бұл сайлауда біз болашақ үшін, бірлік үшін, еліміздің ішіндегі тыныштық үшін дауыс беретін боламыз. Сондықтан әлі дауыс бермеген азаматтарға сайлау учаскесіне келіп, өзінің азаматтық және конститутциялық құқығын орындауға шақырамын ", - деп атап көрсетті Назарбаев.

"Біз бірнеше дағдарыстан өттік, үлкен қиындықтар болды. 1998 жылы оңтүстік-батыс дағдарысын көрдік. 2007-2009 жылдары болған үлкен дағдарысты да еңсердік. Енді, барша әлемді шарпыған пандемияға тап болдық. Бірақ қолға алынған шаралардың арқасында біз "жасыл" аймақта тұрмыз", - деді ол.

Елбасының айтуынша, Қазақстанның "жасыл" аймақта болуы еліміздің басқа мемлекеттермен салыстырғанда коронавирус пандемиясымен ойдағыдай күресіп жатқанын көрсетсе керек. Ендігі кезекте бірнеше міндет тұр.

"Біріншіден, осы пандемиядан шығуымыз қажет. Сөйтіп, қалыпты өмірге оралу керек. Екіншіден, дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын іске асырған жөн. Себебі пандемия экономиканың төмендеуіне әкеліп соқтырды. Біз одан да өтіп, тұрақты даму жолына түсуіміз керек. Мен соған нық сенемін", - деді Назарбаев.

Елбасы "Астана Опера" театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Жаңалықтар
0