Қоғам

2021 жылы Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға қанша пәтер бөлінеді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЕсік ашып жатқан әйел
Есік ашып жатқан әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғын үй бағдарламасы кейінгі екі жылда меншігінде тұрғын үйі жоқ 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарына арналған

АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 2021 жылы "Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы жалғасатын болады. Биыл 1 050 пәтер беріледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елбасы тапсырмасы бойынша 2019 жылы елордада жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Сол кезде мыңнан астам адам жалдамалы пәтерлерге ие болды. Осы уақыт ішінде олар аяққа тұрып, белгілі бір көлемде капитал жинауына мүмкіндік туады. Қаңтарда тағы 350 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Ал 2021 жылдың соңына қарай тағы 1 050 пәтер беріледі", – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы елордада жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Биыл бұл жұмыстар жалғасатын болады, деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін апаттық немесе ескірген тұрғын үйлерді бұзу, лифтілерді ауыстыру және тұрғын үй кешендерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тұрғын үй сертификатын алушылар мен тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың санаты кеңейтілді.

Елорда әкімі тұрғын үй сертификатының көлемін 1 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтуға бастамашы болды.

Оқи отырыңыз: Баспана алу үшін зейнетақы жинағын қалай қолдануға болады

Айта кетейік, осы бағыт бойынша жалға берілетін тұрғын үйге кейінгі екі жылда меншік құқығында тұрғын үйі жоқ 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматы үміткер бола алады. Сондай-ақ, ерлі-зайыпты мен баласының атында мүлік болмауы керек. Кейінгі екі жылда тұрақты тіркеуі болуы қажет әрі өтініш білдірушінің кейінгі алты ай ішінде 40 АЕК немесе 111 120 теңге мөлшерінде ресми табысы болуы тиіс.

Жаңалықтар
0