Оқиға

Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің бірінде оқыс жағдай болды

© Sputnik / Владислав ВодневЭлектрик
Электрик - Sputnik Қазақстан
Жазылу
№145 сайлау учаскесі үшінші мектеп-гимназияда орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Елордада №145 сайлау учаскесінде төбе опырылды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде елордадағы №145 сайлау учаскесінде болған оқыс жағдай туралы ақпарат тарады. Суреттерден төбенің опырылып қалғанын көруге болады.

Қаланың білім басқармасы Sputnik Қазақстанға бұл ақпаратты растады.

"№145 сайлау учаскесінде (Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысы) аспалы төбеге аздап техникалық зақым келді. Проблема жойылуда. Зардап шеккендер жоқ", - деді білім басқармасындағылар.

Қазіргі таңда сайлау учаскесі штатты режимде жұмыс істеп тұр.

Жаңалықтар
0