Қоғам

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысты жаңа мәлімет жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинцы голосуют на выборах
Алматинцы голосуют на выборах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда Жамбыл облысы сайлаушылар саны жағынан көш бастап тұр. Ең төмен көрсеткіш Алматыда тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың белсенділігі туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"10 қаңтар елорда уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 52,5 проценті бюллетень алды", - деді ол брифингте.

Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші:

  • Ақмола облысында – 56,9%;
  • Ақтөбе облысында – 45,6%;
  • Алматы облысында – 58%;
  • Атырау облысында – 45,6%;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 62%;
  • Жамбыл облысында – 63,4%;
  • Батыс Қазақстан облысында – 53,5%;
  • Қарағанды ​​облысында – 58,8%;
  • Қостанай облысында – 62,4%;
  • Қызылорда облысында – 60,9%;
  • Маңғыстау облысында – 43,3%;
  • Павлодар облысында – 57,8%;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 62,4%;
  • Түркістан облысында – 53,6%;
  • Нұр-Сұлтанда – 41,1%;
  • Алматыда – 25,3%;
  • Шымкентте – 49,2%.
Жаңалықтар
0