АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс сайлауына дауыс беруге барған Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовті учаскедегілер танымай қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кәрім Мәсімов Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық кітапханада ашылған №111 сайлау учаскесіне барған.
Тағы бір қызметкер "біз тәртіпті жақсы көреміз, тегіңізді айтыңызшы" дейді.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда сайлау учаскесіндегі бейнебақылау камерасын скотчпен жауып тастаған
Айта кетейік, 10 желтоқсанда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Елдің басым бөлігінде сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, министрлер, сайлауға түсіп жатқан партия басшылары, облыстар мен мегаполис басшылары сайлауда дауыс берді.