Қоғам

Бас прокуратура фейсбукте үгіт жүргізген Алматы тұрғынын іздестіріп жатыр

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азамат Сарғазиннің айтуынша, қазіргі уақытта "Сайлау туралы" конституциялық заң талаптарын бұзудың екі фактісі расталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда парламент сайлауы тыныш өтті. Дауыс беру кезінде "Сайлау туралы" конституциялық заң талаптарын бұзудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін сайлау процесіне қатысушылардың заңнама талаптары мен азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау прокуратура органдары үшін жұмыстың басты басымдығы болды. Заңбұзушылықтар туралы келіп түскен әрбір хабарлама мұқият тексеруден өткізілуде", – деді бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айтуынша, қазіргі уақытта "Сайлау туралы" конституциялық заң талаптарын бұзудың екі фактісі расталды.

Бұл сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу және интернетте сайлау нәтижелерін жариялау.

Бірінші факті Алматыда тіркелді. Қала тұрғыны дауыс беру күні өзінің фейсбуктегі парақшасында партиялардың бірі үшін үгіттейтін пост жариялаған. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабымен жауапқа тарту үшін оның мекенжайы анықталуда.

Оқи отырыңыз: Желіде Қостанай облысында мерзімінен бұрын сайлау өтіп жатқаны туралы ақпарат тарады

Ал екінші жағдай Нұр-Сұлтанда болды. Елорда тұрғыны Телеграмдағы өз арнасында сайлау учаскелерінің бірі бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялаған.

"Бұл факті тексерілуде. Құқықтық баға беріледі", – деді ол.

Сарғазин жалпы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы тыныш өткенін айтты.

Жаңалықтар
0