Қоғам

Алматы облысының ең қарт тұрғыны сайлауда дауыс берді

© Photo : Пресс-служба акима Сарканского районаАлматы облысының ең қарт тұрғыны
Алматы облысының ең қарт тұрғыны  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарқан ауданы әкімдігі баспасөз қызметі ұсынған деректерге сүйенсек, аймақта 28 мың сайлаушы тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Алматы облысының 110 жастағы тұрғыны Алтынхан Белдеубайқызы сайлау науқанында дауыс беріп белсенділік танытты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

1910 жылы туған Алтынхан апа бүгінгі таңда Сарқан қаласында тұрады. Өмір бойы мал шаруашылығы саласында еңбек еткен оның 3 баласы, 8 немересі, 16 шөбересі мен 2 шөшегі бар.

© Photo : Пресс-служба акима Сарканского районаАрнайы комиссия өкілдері әженің тұрғылықты жеріне қажетті бюллетень мен шыны жәшікті алып келді
Алматы облысының ең қарт тұрғыны сайлауда дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Арнайы комиссия өкілдері әженің тұрғылықты жеріне қажетті бюллетень мен шыны жәшікті алып келді

Жасының ұлғайғанына қарамастан сайлауға қатысуға ынталы екенін білдірген кейуана үйде дауыс беру туралы шешім қабылдады. Арнайы комиссия өкілдері әженің тұрғылықты жеріне қажетті бюллетень мен шыны жәшікті алып келді.

"Елдің болашағы туралы сөз қозғалғанда халық біртұтас болғаны жөн. Біз өз тәуелсіздігімізді бағалап, қорғауымыз керек. Ғасыран асқан жасыма қарамай мен сайлауға қатысуды жалғастырамын. Бұл әрқайсымыздың азаматтық борышымыз", – деді Алтынхан Белдеубайқызы.
© Photo : Пресс-служба Сарканского районаАуданның 110 жастағы тұрғыны Алтынхан Белдеубайқызы
Алматы облысының ең қарт тұрғыны сайлауда дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Ауданның 110 жастағы тұрғыны Алтынхан Белдеубайқызы

Дауыс беру шарасынан кейін өңірдің ең қарт тұрғыны жерлестеріне бата берді.

Оқи отырыңыз: Сайлау комиссияларының 1,5 мыңға жуық мүшесі жұмыстан шеттетілді

Айта кетейік, Сарқан ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта 28 мың сайлаушы тіркелген.

Жаңалықтар
0