Қоғам

Сайлаушылардың 11,6 проценті дауыс беріп үлгерді – қай өңірлер алда келеді  

© Sputnik / Тимур БатыршинУрны для голосования на избирательном участке
Урны для голосования на избирательном участке  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Шымкент қаласында сайлаушылардың 14 проценттен астамы дауыс беріп қойды   

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы елорда уақытымен сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың қанша проценті дауыс бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің бірінде оқыс жағдай болды

Облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес, 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 11,6 проценті дауыс берді.

Олардың ішінде:

  • Ақмола облысы бойынша – 10,2%,
  • Ақтөбе облысында – 9,9%,
  • Алматы облысы – 11,3%,
  • Атырау облысы – 10,3%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 12,7%,
  • Жамбыл облысы – 12,8%,
  • Қарағанды облысы – 10,4%, 
  • Қостанай облысы – 11,2%,
  • Қызылорда облысы – 10,3%,
  • Маңғыстау облысы – 8,7%,
  • Павлодар облысы – 14%,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 14,9%,
  • Түркістан облысы – 13,3%,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 12,1%,
  • Нұр-Сұлтан – 10,8%,
  • Алматы – 9,7%
  • Шымкент – 14,4%.

Сайлаушылардың сайлау учаскесіне келуі туралы ақпарат әр екі сағат сайын жарияланып отырады.

Мәжіліс сайлауы

Жексенбі, 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламент сайлауында 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады.

53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады. Олардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін аумақтық сайлау комиссиялары екі күн ішінде Орталық сайлау комиссиясына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елорда бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттама ұсынуы тиіс.

Жаңалықтар
0