Өңірлер

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

CC0 / Wild0ne / Сосульки на проволочном ограждении
Сосульки на проволочном ограждении  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыған байланысты елдің солтүстігінде қар жауады. Батыста қар аралас жаңбыр болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде боран соғады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар - Sputnik. Қазақстанға батыстан жылу мен ылғал келеді. Оның әсерінен ауа температурасы жылиды, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Осыған байланысты елдің солтүстігінде қар жауады. Батыста қар аралас жаңбыр болуы мүмкін.

Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде боран соғады. Батыста - көктайғақ.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада ауа температурасы -16-10 градус, желдің жылдамдығы секундына 12 метр.

Алматыда күндіз -3, түнде 11 градус салқын. Жауын-шашын болмайды. Жел жылдамдығы - 9 м/с.

Шымкентте бкүн ашық, күн жылы болады. Күндіз +10, түнде -7.

Өңірлердегі ауа райы

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында - тұман.

Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл және Қарағанды облыстарында да тұман болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында тұман болады деп болжанып отыр.

Түнде Алматы облысында қатты аяз болады.

Жаңалықтар
0