Видео

Пандемия өзгеріс енгізді: сайлау учаскелері қалай жұмыс істейді - видео

Жазылу
2021 жылы пандемияға байланысты өзгеріс енгізілді. Сайлаушылар, бақылаушылар, сенімді тұлғалар мен БАҚ өкілдерін қорғау үшін қорғаныс құралдары орнатылды

Парламент сайлауы алдында Sputnik Қазақстан тілшісі Ұлттық академиялық кітапханадағы №111 сайлау учаскесінде болып қайтты. Мұнда белгілі саясаткерлер дауыс береді. Мәселен, 2011 жылы кезектен тыс президент сайлауында және 2012 жылы кезектен тыс мәжіліс сайлауында бұл жерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді.

2021 жылы пандемияға байланысты өзгеріс енгізілді. Сайлаушылар, бақылаушылар, сенімді тұлғалар мен БАҚ өкілдерін қорғау үшін қорғаныс құралдары орнатылды.

Сайлаушыларға бетперде, антисептик пен қолғап беріледі. Медицина қызметкерлері мен еріктілер дене қызуын тексереді. Біреудің температурасы жоғары болса, бөлек бөлмеге барып, жедел жәрдем күтеді.

Толығырақ видеодан біле аласыз.

Жаңалықтар
0