НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Тегіс, жуан және қызарған тіл ағзада B12 дәрумені тапшы екенін білдіреді. Салдарынан перницозды анемия болуы мүмкін, деп мәлімдеді АҚШ-тың денсаулық министрлігі.
Жүрек, өкпе және қан ұлттық институтының мамандары зерттеу жүргізді. Олар B12 дәрумені ағзаның эритроцит бөліп, жүйке жүйесінің жұмысын қалыпта ұстап тұратынын айтты. Оның тапшылығы кезінде жүйке жүйесі зақымданып, қол-аяқтың ұйып қалуы сезілуі мүмкін. Сондай-ақ, бұлшықет әлсіреп, тепе-теңдік сақтау қиындайды. Жүрген кезде ауырлық сезініп, сүйектер әлсірейді.
Бұдан бөлек, B12 жетіспеушілігі күйзеліс, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, қыжыл, жүрек айнуы, іштің кебуі, диарея, тәбет пен салмақ жоғалуына әкеп соғады.
Ғалымдар осы белгілер байқалса, дәрігер көмегіне жүгінуге кеңес берді.
В12 дәрумені сиыр, құс еті, балық, жұмыртқа, сүт, йогурт пен ірімшікте мол.