Қоғам

Ғалымдар ұйқыда арықтаудың жолын тапты

© Photo : СС0 / PexelsСпорт
Спорт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар бұл сусынды ішкендерде өзгелерге қарағанда, май ыдырауы 20 процентке белсенді жүргенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Күніне екі кесе улун шайын ішкен адам ұйықтап жатқан кезде ағзадағы май ыдырайды, деп жазады "Известия" жапониялық Цукуб университеті ғалымдарының зерттеуіне сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, улун шайында қара және көк шай қасиеті біріккен. Құрамында энергетикалық алмасуға әсер ететін кофеин бар. Оның ағзаға әсер етуін анықтау үшін еріктілермен зерттеу жүргізілді.

Мамандар бұл сусынды ішкендерде өзгелерге қарағанда, май ыдырауы 20 процентке белсенді жүргенін анықтады. Қатысушылар ұйықтап жатқан кезде де шай арықтауға сеп болған.

Алайда ғалымдар арықтап, артық майдан арылу үшін, ең алдымен, дұрыс тамақтануға кеңес беріп отыр.

Жаңалықтар
0