НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өткен тәулікте коронавирустан төрт, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан үш адам көз жұмды.
Пандемия басталғалы коронавирустан 2 356 науқас, ал пневмониядан 522 пациент қайтыс болды.
Сондай-ақ, өткен тәулікте 28 адамда пневмония диагнозы расталды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады
9 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 830 адам короновирус инфекциясынан (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 5 383 пациент стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Науқастардың арасында 283 адамның жағдайы ауыр, 49-ы – хәл үстінде, ал 46 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.