Саясат

Сыртқы істер министрі алдағы сайлауға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневСыртқы істер министрі Тілеуберді Мұхтар
Сыртқы істер министрі Тілеуберді Мұхтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның барлық елмен және серіктестерімен көпвекторлы саясат құрғанын баса айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстандағы саяси жағдай тыныш әрі наразылық білдірудің алғышарттары жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік журналистермен кездесу кезінде айтты.

"Шынында да, алдағы парламенттік сайлаудың тыныш, қалыпты әрі тұрақты жағдайда өтуі өте маңызды. Біз қандай да бір үлкен наразылық болады деп болжамаймыз. Ал наразылық үшін ішкі және сыртқы жағдайда негізгі факторлар қажет. Ішкі факторлар – бұл елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Біз қазір оны тұрақты деп санаймыз. Үкімет өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды", – деді Тілеуберді Қазақстан астанасында ресейлік журналистермен өткен кездесуінде.

Сондай-ақ, ол "сыртқы факторда сырттан әсер етудің бар-жоғы өте маңызды" деп атап өтті.

Министр Қазақстанның барлық елдермен және серіктестермен көпвекторлы саясат құрғанын баса айтты.

"Менің ойымша, біздің кез-келген серіктестеріміз, кез-келген шетелдік мемлекет Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға мүдделі емес", – деді Тілеуберді.

Оқи отырыңыз: Сайлау учаскелеріне бюллетеньдер қалай жеткізілді – видео

Қазақстан мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Парламенттің төменгі палатасындағы 98 орынға бес партияның өкілдері таласады.

Жаңалықтар
0