Қоғам

Қазақстандағы сайлау: ОСК баспасөз орталығы алғаш рет онлайн режимде жұмыс істейді

© hitesh0141Компьютер алдында отырған адам, иллюстративті фото
Компьютер алдында отырған адам, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жылға дейін Қазақстанда өткен сайлауда журналистер орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығынан ақпарат таратып келген

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы 10 қаңтар күнгі сайлау жұмысынан ақпарат таратуды қашықтан ұйымдастырады.

Ал парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы жексенбі, 10 қаңтарда өтеді.

"Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты және уәкілетті органдардың ұсыныстарына сәйкес, сайлау күні орталық сайлау комиссиясындағы баспасөз орталығының жұмысы қашықтан ұйымдастырылатын болады", – делінген хабарламада.

Баспасөз орталығы сайлау күні дауыс беру басталғаннан кейін екі сағаттан соң сайлаушылардың келуі туралы ақпарат береді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау мен сыртқы істер министрлігі өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Орталық сайлау комиссиясының брифингін тікелей эфирге шығару үшін БАҚ өкілдерінен телеарна операторлары ғана қатыса алатындығын атап өтті. Ал операторлар жеке қорғаныш құралдарын мұқият пайдаланатын болады.

Оқи отырыңыз: Сайлау учаскесінде фото мен видео түсіруге бола ма – ОСК жауабы

Дене температурасы 37° С жоғары, коронавирустық инфекция белгісі бар адамдар баспасөз орталығына жіберілмейді.

Онлайн трансляцияны орталық сайлау комиссиясының сайтынан көруге болады.

Жаңалықтар
0