АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Күнделікті қолданыстағы смартфондардың жұмысын IT мамандары ойлап тапқан жаңартулардың өзі баяулатуы мүмкін. Бұл жаңа технологиялар мен бағдарламалық кодтың күрделі болуына байланысты, деді "Прайм" агенттігіне Плеханов атындағы РЭУ информатика кафедрасының доценті Александр Тимофеев.
Оның айтуынша, Google Android үшін Carrier Services қосымшасының кейінгі жаңартуын шығарды, оны орнатқан қолданушылардың смартфонында SMS хабарламалар жіберу қызметі істен шыққан.
"Уақыт өте келе Android пен iOS-та "жаңартуларды жою" немесе алдыңғы жұмыс параметріне оралу мүмкіндігі пайда болса, таңғалмау керек", - деді сарапшы.
Ұялы байланыс операторларында байланыс қызметтері жаңа технологияларға жиі жаңартылып отырады. Кейде сол жаңарту смартфонның жұмысына әсер етеді, кейде толығымен "бұзуы" мүмкін. Ал кейде жаңартуларды енгізу аса қажет болады. Тимофеевтің айтуынша, бұл сирек кездесетін жағдай.
Смартфонды жаңартуды құрастырушылар дайын шаблондарды қолданады, озық тәжірибелермен алмасады. Сондықтан кейде көптеген алгоритм ішінде "шатасады".