НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Spunik. Талдықорғанда 66 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттен көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде төтенше жағдайдың видеосы тарады. Өрт 7 қаңтар кешке Жетісу шағын ауданының көппәтерлі үйлерінің бірінде болғаны хабарланды.
"№27 үйдің төртінші қабатында орналасқан бір бөлмелі пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, соңы өртке ұласты. Құтқарушылар автосаты көмегімен көрші пәтердегі екі ересекті құтқарды. Барлығы 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде төртеуі – балалар", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, ведомствоның ақпаратынша, кіребірес пен пәтердің терезелері сынған, бірақ құрылыс конструкциялары қираған жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, пәтерде 25 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылған. Бірақ, өрт сөндірушілер тұрғын үй орталықтандырылған газбен қамту жүйесіне қосылғанын нақтылады.