Саясат

ТМД елдерінің бақылаушылары Қазақстанға келіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневВыборы в мажилис. Агитационные стенды в Нур-Султане
Выборы в мажилис. Агитационные стенды в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлау күні ТМД Парламентаралық ассамблеясының бақылаушылары тек Қазақстанда ғана емес, шетелдегі сайлау учаскелерінде де жұмыс жасайды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар — Sputnik. ТМД парламентаралық ассамблеясының халықаралық бақылаушылар тобы Қазақстан астанасында жұмысын бастады.

10 қаңтар, жексенбіде өтетін парламенттік сайлауға мониторинг жүргізу үшін ТМД парламентаралық ассамблеясынан барлығы 48 бақылаушы тіркелген, деп хабарлады ұйымдағылар.

Оның құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның депутаттары мен сенаторлары, сондай-ақ, ТМД ПАА хатшылығы мен халықаралық демократия дамуының мониторингі институтының қызметкерлері кіреді. Мониторингтік топты ресейлік сенатор Алексей Майоров басқарады.

Сайлау күні парламентаралық ассамблеяның бақылаушылары республиканың өзінде ғана емес, сонымен қатар, Баку (Әзербайжан), Ереван (Армения), Минск (Беларусь), Бішкек (Қырғызстан), Санкт-Петербург (Ресей), Душанбе (Тәжікстан) және Берлиндегі (Германия) шетелдік сайлау учаскелерінде жұмыс істейді.

Айта кетейік, ТМД-дан келген бақылаушылар миссиясы Қазақстан парламенті мәжілісінің алдағы сайлауында жұмыс жасайтын миссия құрамын бекітті. ТМД атқарушы комитетінің сайтында хабарланғандай, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы миссиядан 234 бақылаушыны аккредиттелді. Олар ТМД-ға қатысушы мемлекеттерді, ТМД елдерінің парламентаралық ассамблеясын, Беларусь пен Ресей одағының парламенттік жиынын, ҰҚШУ парламенттік ассамблеясын, ТМД атқарушы комитетін таныстырады.

Бұған дейін белгілі болғандай, Қазақстандағы сайлау кезінде мониторинг жасау жұмыстарына Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары да қосылады.

Жаңалықтар
0