Қоғам

Ресейдегі қазақстандықтар бес қалада дауыс бере алады

© Photo : посольство РК в РоссииНовое здание посольства Казахстана в России на Чистопрудном бульваре в Москве
Новое здание посольства Казахстана в России на Чистопрудном бульваре в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеудегі Қазақстан елшілігінен басқа республиканың бас консулдығы жанындағы учаскелерде дауыс беруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар — Sputnik. Ресейдегі қазақстандықтар осы жексенбі, 10 қаңтарда өтетін парламент мәжілісіне (төменгі палата) сайлауға қатыса алады.

18 жасқа толған Қазақстан азаматтары №265 сайлау учаскесі жұмыс істейтін республиканың Мәскеудегі елшілігінде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесінің жұмыс режимі – Мәскеу уақытымен есептегенде 07: 00-ден 20: 00-ге дейін. Сайлау учаскесінің мекенжайы – Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 "А" (Қазақстан елшілігінің ғимараты).

Дауыс берушілер тізімге қосылу үшін мына сілтеме арқылы өз мәліметтерін жолдай алады.  

ШЫҰ бақылаушылары Қазақстандағы сайлауға мониторинг жүргізеді

Сондай-ақ, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігіне консулдық есепке тұру ұсынылады. Қандай да бір сауалдар туындаған жағдайда жұмыс уақыты кезінде +7 (925) 897 71 14 (қосымша #1) жедел желісіне хабарласуға болады.

Мәскеуден бөлек, жергілікті уақыт бойынша 07: 00-ден 20: 00-ге дейін Қазақстан Республикасының бас консулдығы жанындағы сайлау учаскелерінде де дауыс беру мүмкіндігі бар:

  • Санкт-Петербург – Рылеев көш., 10-үй, №290 сайлау учаскесі, сайт http://gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg?lang=ru
  • Қазан –Карл Маркс көш., 8/13үй, №301 сайлау учаскесі, сайт http://kzkazan.ru/ru
  • Астрахан – Акварельная көш., 2"Б"-үй, №291 сайлау учаскесі, сайт www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan?lang=ru
  • Омбы – Шоқан Уәлиханов көш., 9-үй, №292 сайлау учаскесі, сайт www.kz-omsk.ru

Қазақстандықтар сайлау учаскесіне барғанда Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігін ала бару керек.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сайлаушылар бетперде тағу режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.

Жаңалықтар
0