10 қаңтарда Қазақстанда парламент сайлауы өтеді. Учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Сайлау құқығы бар 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады.
Шетелде 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады. Олардың мекенжайы мен байланыс нөмірі сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін екі күн ішінде аймақтағы сайлау комиссиялары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды орталық сайлау комиссиясына ұсынуы қажет.
ОСК мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.