АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Ресейлік танымал дәрігер әрі тележүргізуші Елена Малышева Instagram парақшасында коронавирусқа қарсы вакцинаны кімге салдыру қажет екенін айтты.
Оның айтуынша, семіздік пен қант диабеті бар адамдар вакцина салдыруы қажет.
"Әсіресе 50 жастан асқан азаматтар вакцина салдырғаны жөн. Өйткені, олардың ауруханаға және жансақтау бөліміне түсу қаупі басқаларға қарағанда екі есе жоғары. Ал коронавирустан өлу қаупі 50%-тен асып түседі", – деді Малышева.
Сондай-ақ, дәрігер коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация 65 жастан асқан адамдар үшін де өте маңызды деп санайды.
"Олар аурудың аса ауыр түрімен ауыруы мүмкін және коронавирустен қайтыс болу деңгейі жоғары", – деп түсіндірді ол.
Малышеваның пікірінше, балаларға вакцина салу қажет емес. Себебі, балалар "іс жүзінде ауырмайды және коронавирустан қайтыс болмайды".
Оқи отырыңыз: Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр