Әлем

Вашингтонда төтенше жағдай режимі 15 күнге – Байденнің инаугурациясына дейін ұзартылды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуРежим ЧС в Вашингтоне продлили до инаугурации Трампа
Режим ЧС в Вашингтоне продлили до инаугурации Трампа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ астанасындағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт адам қаза тапты, деп мәлімдеді қала полициясының басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Вашингтон мэрі Муриэл Баузер қазіргі президент Дональд Трамптың жақтастары ұйымдастырған тәртіпсіздіктерге байланысты АҚШ астанасындағы төтенше жағдай режимін 15 күнге ұзартты, деп хабарлады қала әкімшілігінің сайты.

Қажет болса немесе мүмкіндікке қарай, оны ертерек алып тастауға болады, деп түсіндіреді ведомство.

Мэрдің тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясына дейін жалғасады, ол конституцияға сәйкес 20 қаңтарда өтуі тиіс.

Жаңа президент, әскери қақтығыс және жойқын жарылыс: 2020 жыл несімен есте қалды?

Айта кетейік, өткен түні Америка президенті Трамптың жақтастары Конгресс ғимаратына, содан кейін Вашингтондағы сенат залына басып кірді. Екі палата да сайлаудың нәтижелері мақұлданатын отырысты тоқтатты. 

АҚШ-тағы тәртіпсіздіктер кезінде 4 адам көз жұмды, кем дегенде 14 полиция қызметкері жарақат алды. Екеуі ауруханаға түсті. 

Полиция бастығының айтуынша, жергілікті уақыт бойынша 21: 30-да 52 адам қамауға алынды: төртеуі атыс қаруын лицензиясыз қолданған, біреуі тыйым салынған қаруды алып жүрген, 47-сі коменданттық сағатты бұзған және қалаға заңсыз кірген.

Жаңалықтар
0