Қоғам

Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге Қазақстанды дамытуға зор үлес қосып жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

"Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі", - делінген құттықтауда.

Оқи отырыңыз: Рождествода елордада қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді 

Президент православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосып жатқанын атап өтті.

"Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз. Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!", - деп түйіндеді Тоқаев.           

Жаңалықтар
0