Қоғам

Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтіп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинПравославная служба "Милосердие" расположена при Никольском храме в Алматы
Православная служба Милосердие расположена при Никольском храме в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда қаңтардың 7-сіне қараған түні барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталды. Православ христиандары таң бозарып атқаннан кешке дейін ас-судан бас тартады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Бүгін әлемнің православ христиандары Рождество мейрамын атап өтеді. Қазақстанда бұл күн мемлекеттік мейрамдар тізіміне кіреді. Сол себепті ресми түрде демалыс беріледі.

Христиандар мейрамды қалай атап өтеді?

Рождество – барша христианға ортақ мереке. Алайда католиктер оны 25 желтоқсанда, ал православтардың басым бөлігі 7 қаңтарда тойлайды. Оның өзіндік себебі бар. Католиктер мен православтар екі бөлек күнтізбені қолданған. Содан мейрамның датасы алшақтап кеткен. Осы діни мейрам әлемнің 145 елінде аталып өтеді.

Бұл күні христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларға барады, шоқынады, мерекені өзіндік сән-салтанатымен атап өтеді. Ал батыста оны көбінесе отбасы мерекесі ретінде тойлап жатады.

Оқи отырыңыз: Рождествода елордада қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді 

Қазақстанда қаңтардың 7-сіне қараған түні барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталды. Православ христиандары таң бозарып атқаннан кешке дейін ас-судан бас тартады. Сондай-ақ,  бір-біріне түрлі сыйлық жасайды, тәтті тағамдар таратады.

Рождество мерекесінің тарихы

Рождество – Иса пайғамбардың (Иисус Христос) туған күні. Інжіл бойынша бұл күні Вифлеем қалашығында "Құдайдың ұлы" Иисус Христос дүниеге келген.

Осыдан екі мың жыл бұрын қаңтардың 6-ынан 7-сіне қараған түні Иосиф пен Марияның отбасында Иисус есімді ұл дүниеге келеді. Сол түні Вифлеемде өмірге келген барлық нәресте Ирод патшаның бұйрығымен өлтірілді. Бірақ Иисус жарық дүние есігін ашты. Ол туған сәтте аспанда ерекше сәбидің дүниеге келгенін паш еткендей жарық бір жұлдыз пайда болады.

Сол себепті осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді.

Христиан шіркеуі Митра Рождество мерекесін 4-ғасырдың ортасында "Күн құдайы" сенімін ығыстыру үшін енгізді. Рим халқы алғашқылардың бірі болып Рождествоны тойлаған. Олар үшін бұл мейрам Жаңа жыл іспеттес болды.

Сиқырға толы бұл түнде барша христиан халқы бір-бірін құттықтап, жылы сөздері мен игі тілектерін аямайды.

Жаңалықтар
0