Саясат

"Ауыл" партиясы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуды қолдайды

© Sputnik / Абзал КалиевАуыл партиясының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков
Ауыл партиясының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның ауылды жеріндегі тұрғындардың мүддесін қорғайтын партия әлі мәжіліске өз өкілдерін ұсынған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. "Ауыл" партиясы ауылдық жерлерде тұратын қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды.

Ауыл халықтық демократиялық партиясының бірінші орынбасары, Қазақстанның экс-президенттігіне үміткер Төлеутай Рахымбеков сайлауалды штабында ресейлік журналистермен кездесу өткізіп, партия бағдарламасының негізгі тармақтарын атады.

"Біз отбасы мен ананың рөлін арттыруды, сондай-ақ ауылдағы лайықты өмірді, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды және республика елді мекендерінің атауларын қазақшаға өзгертуді қолдаймыз", – деді ол.

Рахымбеков елімізде мемлекеттік тілдің рөлін "кез-келген популизмге жол бермей" біртіндеп арттыру керек екенін баса айтты.

Сонымен қатар, "Ауыл" партиясы қазақ халқының мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін қорлауға тыйым салып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік теңдігіне қолдау білдіреді.

Ал партияның мәжіліске кіру үшін 7 пайыздық межені қалай еңсеретіндігі туралы сұраққа жауап берген Рахымбеков үміткерлердің барлығы дерлік аймақтарға сайлаушылармен сөйлесу үшін барғанын алға тартты.

"Біздің 700 еріктіміз партияның бағдарламалық пункттерін сайлаушыларымызға жеткізу үшін интернеті жоқ ауылдарға барды", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Сайлау комиссиясында жұмыс істейтіндер қанша жалақы алады

Айта кетейік, "Ауыл" партиясы мәжіліс депутаттығына 19, ал аймақтардағы мәслихат депутаттығына 606 кандидат ұсынды.

Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Сайлау додасына бес партия қатысуда.

Жаңалықтар
0