Қоғам

Алматылықтар карантинді бұзғандар туралы ақпаратты қайда жібере алады

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на заснеженной улице
Люди в масках на заснеженной улице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирусқа байланысты тыйым салынған шараларды өткізгендердің фотосы мен видеосын мониторингтік топтар қабылдайды

АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин талаптарын бұзғандар жайлы ақпаратты қайда жіберуге болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, коронавирусқа байланысты тыйым салынған шараларды өткізгендердің фотосы мен видеосын мониторингтік топтар қабылдайды.

Ол үшін азаматтар бұзушылықтар туралы 1308 нөміріне хабарлай алады. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында мобильді мониторингтік топтардың барлық нөмірі жазылған.

"Бізде коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату жөніндегі арнайы штаб бар. Бұзушылықтар туралы барлық ақпарат сол жерге жіберіледі. Аталған штаб аудан әкімдіктерінің мониторингтік топтарының жұмысын үйлестіреді. Егер адамдар заң бұзушылықтардың куәсі болса, деректерді штабқа жіберуі керек", - деді Бекшин.

Айта кетейік, Алматыда сегіз ауданда 32 бақылаушы топ жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова карантиндік шектеулер енгізілгеніне қарамастан іс-шара өткізгендердің фотосын жіберуді сұрады.

Жаңалықтар
0