Өңірлер

Алматының бас дәрігері тұрғындарға үйден көп шықпауға кеңес берді   

© Sputnik / Тимур БатыршинСнегопад в Алматы
Снегопад в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус жұқтырған науқастардың арасында басқа да аурулары бар пациенттер көбейген. Кей науқастың 4-5 ауруы асқынып, қайтыс болған

АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматының бас дәрігері Нариман Табынбаев қала тұрғындарын үйден көп шықпауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматыда пандемия басталғалы бері 19 138 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Кейінгі бір тәулікте 105 адам індетке шалдықты. Оның ішінде 17 638 адам жазылып шықты, бұл науқастардың 92%-ін құрайды. Пандемия кезеңінде коронавирустан 389 адам қайтыс болды.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының айтуынша, уақытылы қабылданған шешімдер нәтижесін берді. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі азайды, қазір науқастар 1 261 төсек-орында жатыр, тағы 5 145 төсек резервте тұр. Тәулігіне орта есеппен 50-ге жуық науқас ауруханаға жатады.

Оқи отырыңыз: Бекшин корпоративтік кештер өткізудің соңы неге әкелгенін айтты 

Қалада реанимация бөлімшелерінің 50 процентінде науқастар жатыр. Бастапқыда 80 реанимациялық төсек-орын болса, кейіннен 110-ға дейін көбейді. Коронавирус жұқтырған науқастардың арасында басқа да аурулары бар пациенттер көбейген. Кей науқастың 4-5 ауруы асқынып, қайтыс болған.

"Сондықтан қала тұрғындарынан үйден сирек шығуды, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, өзін-өзі емдеумен айналыспауды және алғашқы белгілері болған кезде білікті медициналық көмекке жүгінуді сұраймын", - деді Табынбаев.

Сонымен қатар науқастар клиникаларға қатаң түрде жедел медициналық жәрдем қызметі арқылы жатқызылады. Бас дәрігердің айтуынша, жедел жәрдем жұмысының жүктемесі төмендеген.

Жаңалықтар
0