НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Америкалық реалити-шоу жұлдыздары – табысты бизнесвумен Ким Кардашьян мен рэпер Канье Уэст ажырасатын болды. Ерлі-зайыпты алты жыл бұрын үйленген.
Бұл туралы Page Six басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның ақпаратынша, Кардашьян жұлдызды ерлі-зайыптылардың ажырасу процесімен айналысатын белгілі адвакот Лора Вассерді жалдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Олар (Кардашьян мен Уэст) ажырасатынын жасырады, бірақ бұл қадамға барды", - деп келтірді басылым дереккөздің сөзін.
Бұқаралық ақпарат құралдарында танымал жұлдыздардың ажырасатыны туралы қауесет бұрыннан тарап жүр. Тіпті музыканттың өзі Twitter-де осы жайлы бірнеше жазба жариялаған еді. Бірақ, кейін оны өшіріп тастады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дереккөздерге сүйенсек, ерлі-зайыпты бұрыннан бір үйде тұрмайды, тіпті Рождество мерекесін де бөлек қарсы алған.
Ким Кардашьян мен Канье Уэст 2014 жылы шаңырақ көтерді. Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп отыр. Канье Уэст – Кардашьянның үшінші күйеуі.
Forbes музыканттың дәулетін 1,3 миллиард долларға, ал Кардашьяндікін 900 миллион долларға бағалады.