Қоғам

Қандағы қант деңгейін лезде төмендету үшін не жеу керек

© Sputnik / Юрий Сомов / Медиабанкке өтуЖайылған дастарқан
Жайылған дастарқан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар глюкозаның деңгейін дұрыстағаннан кейін салмақты да реттеуге болатынын айтып отыр. Өйткені дақыл адамның денсаулыққа пайдасы жоқ тағамдарға деген қызығушылығын төмендетеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Ноқат жеудің арқасында қандағы қант деңгейін жылдам төмендетуге болады, деп хабарлайды РИА Новости

Ноқат құрамында ақуыз бен жасұнық көп. Соның арқасында қандағы қант деңгейі жылдам төмендейді. Мәселен, жасұнық ағзаның көмірсуларды сіңіру процесін бәсеңдетеді. Сол кезде көмірсулар өте баяу бөлінеді. Глюкоза да баяу бөлінеді де, ағзада ақырын жиналады.

© Photo : СС0 / PDPicsНоқат жеген адамның қарны ашпайды, біраз уақыт тоқтық сезімі болады
Қандағы қант деңгейін лезде төмендету үшін не жеу керек - Sputnik Қазақстан
Ноқат жеген адамның қарны ашпайды, біраз уақыт тоқтық сезімі болады

Ал ноқаттың күнделікті нормасы көп емес. Одан жасалған тағамды күніне бір рет жесе де, алты аптаның ішінде қандағы қант деңгейін айтарлықтай төмендетуге болады. 

Бұдан бөлек, мамандар глюкозаның деңгейін дұрыстағаннан кейін салмақты да реттеуге болатынын айтып отыр. Қазіргі мәліметке сәйкес, ноқат жеген адамның қарны ашпайды, біраз уақыт тоқтық сезімі болады. Денсаулыққа пайдасы жоқ тағамдарға деген қызығушылық та төмендейді.

Жаңалықтар
0