Әлем

Өзбекстанда сарқырама қатып қалды

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуЗамерзший водопад, архивное фото
Замерзший водопад, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТМД-дан келген бақылаушылар Ақмола және Қарағанды облыстарындағы сайлауға дайындық деңгейін тексерді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Өзбекстанға тосыннан келген шыңылтыр аяз елдің оңтүстігіндегі 84 метрлік сарқыраманы мұзға айналдырды. Әдеттен тыс аяз бұл өңірде апта соңына дейін созылады.  

Республиканың экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті өзінің ресми Telegram-каналында мұз болып қатқан Сувтушар сарқырамасының фотосын бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.  

"Қашқадария облысының Гиссар қорығындағы Миракинск учаскесінде орналасқан Сувтушар сарқырамасы толықтай мұзға айналды", - деп атап өтті мемлекеттік комитет.

Узгидромет мәліметі бойынша, суық антициклонның салдарынан осы аптаның соңына дейін елде аяз болады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады

"Жаңа жылдың бірінші жұмыс аптасында қалыптан тыс суық ауа райы сақталады", - деді метеоқызмет.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері түнгі уақытта ауа температурасы минус онға дейін төмендейді, ал солтүстік пен шөлді аймақтарда минус он жеті градусқа дейін барады. Күндіз ауа температурасы минус бес градустан жоғарыламайды. Осылайша, апта бойы елдегі ауа температурасы қалыпты деңгейден сегіз-он градусқа төмен болады.

Жаңалықтар
0