Әлем

Әлемге әйгілі музыкант жансақтау бөліміне түсті

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол жеке шығармашылығымен қатар, Eminem, Snoop Dogg, 50 Cent, 2Pac секілді белгілі рэп орындаушыларға продюсерлік ету арқылы танылды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Америкалық танымал рэпер әрі продюсер Dr. Dre Лос-Анджелес ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dr. Dre (@drdre)

Әлемге танымал америкалық музыкант және продюсер Dr. Dre (шын есімі – Андре Ромелл Янг) бас-ми қан тамыры аневризмасы салдарынан ауруханаға түсті, деп хабарлады TMZ.

Бұл оқиға, дүйсенбі, 4 қаңтар күні болған. 55 жастағы музыкант шұғыл түрде Лос-Анджелестегі Cedars-Sinai ауруханасына жеткізілді. Ақпарат көзіне сенсек, қазір Dr. Dre жағдайы тұрақты бірқалыпты деп бағаланып отыр. 

Dr. Dre Америкадағы рэптің маңызды өкілдерінің бірі болып саналады. Ол жеке шығармашылығымен қатар, Eminem, Snoop Dogg, 50 Cent секілді белгілі рэп орындаушыларға продюсерлік етумен де танымал. 2Pac-тың да продюсері болған.

Жаңалықтар
0