Өңірлер

Қарағандыда контейнерден ер адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековАдамның қолы
Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кісі өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды, күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда контейнерден 35 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"6 қаңтарда Қарағанды қаласында "Алтын арба" сауда үйінің ауданындағы контейнерлердің бірінен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Денесінде күштеп өлтіру белгілері бар", - делінген хабарламада.

Қарағанды полициясы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Айтуынша, ол марқұммен сөзге келіп қалған.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстанда пәтерден 3 мәйіт табылды: қылмыстың мән-жайы

Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша сегіз жылдан он бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Жаңалықтар
0