Елорда тынысы

Астаналықтар дауыс беру учаскелерінің нөмірін онлайн біле алады

© Sputnik / Абзал КалиевПриглашение на выборы в мажилис и маслихаты
Приглашение на выборы в мажилис и маслихаты  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлаушылардың өз учаскесі нөмірі мен мекенжайын бірнеше онлайн-сервис арқылы анықтау мүмкіндігі бар

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Елорда тұрғындары мәжіліс сайлауында дауыс беру үшін өз сайлау учаскесінің нөмірін онлайн анықтай алады. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтанның цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қолдасов айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біздің басқарма қолданыстағы процестерді жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізді. Бүгінгі күні азаматтар үшін сайлау учаскесін тексеруге арналған онлайн-сервис іске қосылды", - деді ол Astana Adaldyq Alany платформасында өткен брифингте. 

Мұны төрт әдіс арқылы орындауға болады:

  1. Нұр-Сұлтан әкімдігі веб-порталы;
  2. қалалық әкімдіктің мобильді қосымшасындағы "Қала қызметтері" көмегімен; 
  3. iKomek-тің Telegram-боты;
  4. 109 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығы арқылы.

Басқарма сайлау учаскелері бойынша ақпарат алуға көмектесетін iKomek сервисімен бірлесіп әрекет етеді. 

"Біз азаматтардың дауыс беру процесін мейлінше жеңілдету үшін барлық қолайлы процестерді әзірлеп ұсынып отырмыз", - деді Айдос Қолдасов.

Дауыс беруші қай сайлау учаскесіне қарайтынын анықтау үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, аты-жөнін және тіркеу мекенжайын көрсетсе жеткілікті. 

Онлайн режимде дауыс беруші өз учаскесінің нөмірін, мекенжайын және дауыс беру орталығының атауы мен ол учаскенің картада орналласқан орнын біле алады. 

Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. 

Төменгі палатадағы орындар үшін алдағы сайлауға елдегі бес партия кандидаттары таласатын болады: 

  • "Nur Otan";
  • "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы; 
  • Қазақстан халық партиясы (экс-коммунистер);
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы; 
  • "Адал" саяси партиясы.
Жаңалықтар
0