Экономика

ОПЕК+ келісімінен кейін мұнай бағасы 54 долларға өсіп, теңге қымбаттады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуВалюта айырбастау пункті
Валюта айырбастау пункті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 418,95 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Сейсенбіде ОПЕК+ елдері ақпан мен наурыз айларында мұнай өндіруді қысқарту туралы тағы бір келісімге қол қойды. Содан кейін жанармай бағасы соңғы бір жыл ішінде алғаш рет 54 доллардан асып түсті. Сонымен қатар, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап төмендеді.

Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылдың 26 ​​ақпанынан бастап алғаш рет барреліне 54 доллардан жоғарылады, деп жазады РИА Новости.

Таңертеңгі 8:27-дегі жағдай бойынша (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Солтүстік теңіздегі Brent маркалы мұнай қоспасына наурыз айының фьючерс бағасы барреліне – 0,92%-ке, яғни 54,02 долларға, ал WTI маркасының барреліне ақпан айының фьючерсі – 0,4%-ке, 50,12-ге долларға дейін өсті.

Ал Tengenomika-ның Telegram-арнасының хабарлауынша, мұнай ОПЕК+ келіссөздерінің сәтті өтуі нәтижесінде қымбаттады.

"Бұдан әрі шикізат валютасының мұнайға деген оң реакциясын күтеміз. Жалпы алғанда "мұнай" валютасының АҚШ долларына қатысты нығаюы жеделтейтін емес. Сондай-ақ, олардың бұл деңгейі қазіргі мұнай бағасының көрсеткішіне сәйкес келеді", – делінген түсіндірмеде.

Теңге бағамы нығая түсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллар бағамы 2021 жылдың 6 қаңтардағы таңғы сауданың қорытындысы бойынша 418,95 теңгені құрады.

Алдыңғы сауда-саттықпен салыстырғанда ұлттық валюта долларға шаққанда 1,88 теңгеге қымбаттады. Ал 5 қаңтардағы кешкі сауда-саттық бір доллар үшін 420,83 теңгенің бағасымен аяқталды. Бұл мөлшерлеме Ұлттық банктің 6 қаңтардағы ресми бағамы болып табылады.

Kurs.kz сайтының дерегінше, Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 420 теңгеден сатылып, 418,5 теңгеден қабылданып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде америкалық валюта 420,5 теңгеге сатылып, 419 теңгеге сатып алынады.

Сондай-ақ, Шымкентте долларды 419 теңгеден сатып алып, 421 теңгеден сатуда.

ОПЕК-тің сыйлығы

Айта кетейік, 5 қаңтарда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер кеңесі өтті. Кездесу нәтижесінде келісімге қатысушы елдер мұнай өндірісінің төмендеуінің қазіргі деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айына ұзарту туралы шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз: COVID-19 вакцинасына қатысты жаңалықтан соң мұнай 10%-ке қымбаттады

Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей үшін бұл кезеңде өндірісті кезең-кезеңімен 10 және 65 мың баррельге дейін сәйкесінше арттыруды көздейтін жеке шарттар келісілді. Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін ақпан және наурыз айындағы міндеттемелер тәулігіне 1,427 миллион баррель құрайды.

Жаңалықтар
0