Өңірлер

Заңсыз той өтіп жатқаны туралы хабарлаған қазақстандықтарға ақшалай сыйақы төленді

© PhotoҮйлену тойындағы торт, иллюстративті сурет
Үйлену тойындағы торт, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Қазақстан облысының сегіз тұрғыны заңсыз той туралы хабарлағаны үшін жиырма мың теңгеден алды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының билігі өңірде заңсыз банкеттер өткізіліп жатқаны туралы хабарлаған сегіз тұрғынға ақшалай сыйақы берді.

Жергілікті "Мой город" порталы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлағандай, өңірде мониторингтік топтар жұмыс істейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 1 желтоқсаннан бастап 5,7 миллион теңгеден астам сомаға жүзге жуық хаттама толтырылды.

Тағы оқыңыз: Той өтіп жатқаны туралы хабарлағандарға берілетін сыйақының мөлшері бекітілді

Бұдан бөлек, облыстық комиссия бірауыздан сегіз азаматты ынталандыру туралы шешім қабылдады. Тұрғындар банкеттер, үйлену тойы мен басқа да мерекелік шараларды заңсыз өткізудің он фактісі жайлы хабарлаған. Бүгінгі таңда сегіз адамның әрқайсысы 20 мың теңгеден алды.

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті коронавирусқа байланысты банкет залдарында салтанатты шаралар өткізуге тыйым салынғанын мәлімдеген еді.

Жаңалықтар
0