Видео

Құндыз адамға "сыйлық" жасады – қызықты видео

Жазылу
Құндыздың көңіл-күйі көтеріңкі болса керек. Ол бұталарды жинап, операторға сыйға тартты. Қызықты сәтті видеодан көре аласыз

Адамдар жануарларға қамқор болуы керек. Алайда олар да адамдарға қамқорлық танытуға асық. Бұл видео соған дәлел.

Құндыздың көңіл-күйі көтеріңкі болса керек. Ол бұталарды жинап, видеооператорға сыйға тартты.

Ол бұта тауып, тамақты үйіне алып кетпек болды. Бірақ кейін адамдармен бөлісуді жөн көрді.

Канадалық оператор өзендегі құндыздарды ұзақ уақыт бақылап жүргенін айтты.

"Бұл жолы олардың тамақтарын жинап жүргеніне қарап отырдым. Бір кезде құндыздардың бірі кенеттен тоқтап, менің жанымда келіп, бұталарды мұзға қойды. Ол менімен өз тамағын бөліскісі келгендей", - дейді ролик авторы.

Адамның мұндай сыйға аса қызығушылық танытпағанын көріп, бірер минуттан соң сыйлығын алып кетті.

Жаңалықтар
0