НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 723 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Ең көп жағдай Атырау облысы мен Алматы қаласында тіркелді. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпарат жариялады.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 68
- Алматы қаласы - 92
- Шымкент қаласы - 6
- Ақмола облысы - 59
- Ақтөбе облысы - 4
- Алматы облысы - 39
- Атырау облысы - 149
- Шығыс Қазақстан облысы - 47
- Жамбыл облысы - 9
- Батыс Қазақстан облысы - 45
- Қарағанды облысы - 26
- Қостанай облысы - 57
- Қызылорда облысы - 6
- Маңғыстау облысы - 11
- Павлодар облысы - 40
- Солтүстік Қазақстан облысы - 57
- Түркістан облысы - 8
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 158 302.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отырғанын айтты. Оның мәліметінше, қазақстандық QazCovid-in вакцинасы наурызда жеткізіледі. Содан кейін кезең-кезеңімен вакцинация басталады.