Өңірлер

Батыс Қазақстанда мемлекетке 16 миллион теңге төлеген ер адам мақсатына жетті   

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚАЖД пробация қызметіндегілер нақты мерзімге сотталмаған азаматтың ірі көлемдегі шығынды өтеуі бірінші рет тіркелгенін айтты

АЛМАТЫ, 5 қаңтар — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында браконьерлік жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан шектелген шаруа қожалығының иесі мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу үшін мемлекет пайдасына 16 миллион теңге өтемақы төледі. Бұл шамамен 38 мың доллар болады.  

Оқи отырыңыз: Қорықшыны атып өлтірген үш браконьер өмір бойына бас бостандығынан айырылды 

Мемлекетке келтірілген шығынды өтеп беру мақсатында ер адам қорасындағы бар малын – сиыры мен жылқысын сатқан. Заңсыз аңшылық қаржылық жағдайын қиындатып жібергенін өзі де мойындап отыр, ол енді заңға қайшы әрекет етпеуге уәде берді.   

"Браконьерлікпен айналысқаны үшін екі жылға екі жылға бас бостандығынан шектелген азамат 16 миллион теңге көлеміндегі шығынды ерікті түрде өтеп беруге келісті. Жазасын өтеу кезінде ешқандай теріс әрекет жасамағанын, шығынды толық өтегенін есепке ала отырып, сот оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енді", - деді Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Азамат Ізтілеуов.  

Ал ҚАЖД пробация қызметіндегілер нақты мерзімге сотталмаған азаматтың ірі көлемдегі шығынды өтеуі бірінші рет тіркелгенін айтты.

Жаңалықтар
0