Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

© REUTERS / STEPHANE MAHEМедсестра проводит уборку в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Медсестра проводит уборку в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар жайлы ақпарат жариялады

АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте үш адам коронавирустан, төрт адам пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 949 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 328 пациент стационарда, 17 621 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 302 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр екені хабарланды. Сонымен қатар 40 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

2020 жылдың наурызынан бастап Қазақстанда 158 302 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 145 194 адам жазылып шықты, 2 339 адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте 723 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бері 45 991 адам пневмонияға шалдықты, 33 298 адам жазылып, 513 адам көз жұмды. Өткен тәулікте жеті адам пневмонияға шалдықты.

Жаңалықтар
0