Қоғам

Сағынтаев тұрғындарды тауда қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар жамылған тау
Қар жамылған тау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әкімінің айтуынша, шалғайда орналасқан 14 тораптық учаскеде жасырыну орындары ұйымдастырылып, "Тұйық су" шатқалында тікұшақ алаңын құру жоспарда бар

АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарын тауда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Мегаполис әкімі Instagram парақшасында видео жариялап, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тауда құтқару орындары ашылатынын хабарлады.

"Өзінің таңғажайып табиғатымен мәшһүр Іле Алатауының таулары – алматылықтар мен қала қонақтары үшін көрікті әрі тартымды мекеннің бірі. Бұл ретте тауда қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Біз өз кезегімізде осындай жорықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстарды қолға алдық", – деп жазды қала әкімі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

 Қала басшысының айтуынша, Алматының тау кластерін дамыту аясында мың шақырымнан астам тау бағыттары цифрландырылды. Оның ішінде жалпы ұзындығы 500 шақырым болатын 36 бағыт абаттандырылды.

"Маршруттардың схемасы мен оның күрделілігі көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылды. 2021 жылы 120 шақырымға жететін тау жолы абаттандырылмақ. Кіші және Үлкен Алматы шатқалында екі бақылау-құтқару пунктінің құрылысы қарастырылған. 16 тау құтқарушысы тәулік бойы кезекшілік етеді", – деп жазды Сағынтаев.

Шалғайда орналасқан 14 тораптық учаскеде күрделі ауа райы жағдайларын күтуге болатын паналау орындары ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: Көксеңгір аспан – құз жартас: тау басындағы көлдердің таңғажайып суреттері

Сонымен қатар "Тұйық су" шатқалында тікұшақ алаңын құру жоспарда бар. Түрлі нүктелерде дабыл түймелері бар 10 радиорелелік діңгектерді орнату және "Tau Go" смарт-навигатор қосымшасын әзірлеу көзделген.

Жаңалықтар
0