НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Павлодарда 40 градусқа дейін аяз болды. Тұрғындар қақаған аязда болған жайттарды әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қолданушылардың бірі кіреберістің қатып қалған есігін видеоға түсіріп:
"Қараңыздар, мен жұмысқа бармайтын сияқтымын", - деп жазған.
Видеоны көргендер жертөле ылғалданып тұрғасын, осындай жағдай болғанын айтып жатыр.
Енді бірі: "Далада коронавирус, үйде отыр", - деген пікір қалдырған.
Көптеген адамдар павлодарлық аязды "Бүрсігүні" атты апокалиптикалық фильммен салыстырды.
Бұған дейін Павлодарда -36 градуста жайбарақат велосипед теуіп жүрген ер адамның видеосы пайда болған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram